Астанада оқушының өлімінен кейін құдықтардың қақпағына құлып салынғалы жатыр

#КТКжаңалықтары Астанада 9-шы сынып оқушысы құдыққа құлап көз жұмды. Аружан Маратованың денесін полиция мен ағайын-туыстары бір тәулік іздеп, ағын суға арналған құдықтың ішінен әрең тапқан. Онда да сол құдыққа екінші бала құлап, оны құтқарып алған кезде ғана астында тағы бір адамның денесі жатқанын байқап қалған. Осы сұмдықтан кейін әкімдік ашық жатқан кәріз құдықтарын дереу жабуға кірісті. #Астана #оқушы #қыз #құдық #өлім
Back to Top