«Айтқанын істедім»: Екі адамның өліміне айыпталған жігіт сотта шындығын айтты

#КТКжаңалықтары Маңғыстау облысында қандаланы улаймын деп 2 адамды ажал құштырды делінген 25 жастағы азаматқа қатысты сот басталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Алматыдағы компанияның атын жамылған Ғалымжан Жайлаудың ешқандай лицензиясы болмаған. Тіпті, күдіктінің көпқабатты үйдегі қандаланы құрту үшін қолданғаны - ауылшаруашылығына арналған улы химикат екен. Алайда, өзіне шаң жуытпаған сотталушы барлығын жұмыс берушінің нұсқауымен атқардым деп, тіпті дәріні де солардың айтуымен базардан сатып алдым деп отыр.  #Маңғыстауоблысы #сот
Back to Top