Блок-бекеттегі апат: Жаппай жазаланып жатса да, әлі сабақ алмаған сияқты
#КТКжаңалықтары
Блок-бекеттегі жантүршігерлік апаттан кейін Алматы полиция департаментінің басшылары түгел жазаланды. 20 күн бұрын ғана генерал шенін алып шалқыған Қанат Таймерденов қатаң сөгіспен құтылса, тағы бірнеше бөлім басшысы қызметінен қуылды. «Шенділер жылы кабинетте отырып, жеке құрамды жөнге сала алмаған» - дейді Ішкі істер министрі. Тәртіп сақшыларының тәртібіне кадр бөлімінен бастап, патрульдік полиция полкінің басшылары салғырт қараған. Екі әріптесін ажал құштырған БМВ жүргізушісіне қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін полиция дептартаментінің ресми өкілі де қатаң сөгіс алып тынды. Ал күдіктінің өзі сот шешімімен екі айға қамауға алынды.
#Алматы #блокбекет #апат #полицейлер #өлім
252 views
38
7
5 years ago 00:03:00 269
Блок-бекеттегі апат: Жаппай жазаланып жатса да, әлі сабақ алмаған сияқты