«Астана LRT» компаниясының экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды

#КТКжаңалықтары «Астана LRT» компаниясының экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. Талғат Арданға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қылмыстық іс қозғап, оны түрмеге тоғыту туралы сырттай сот шешімі шығарылып та қойған. Десе де, бұл жағдайдың Нұр-Сұлтан қаласындағы жер үсті метросы құрылысының тұралап қалуына қатысы бар-жоғы айтылмай отыр. Ал, басы даудан арылмаған жеңіл рельсті көлік жүйесіне келсек, құрылыс жобасын шенділер қайта қарап, енді оған жұмсалатын шығынды қысқартып жатыр. Ол үшін пойыздар мен аялдамалар санын о баста жоспарланғаннан әлдеқайда азайтпақ. #НұрСұлтан #LRT #эксбасшы #іздеу
Back to Top