Президенттер Еуразиялық одақтың ақсап тұрған тұстарын ашық айтты

#КТКжаңалықтары Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы болды. Бұл шешім Еуразия экономикалық одағының саммиті барысында қабылданды. Қазақстаннның Тұңғыш президентін бұл орынға Ресей басшысы Владимир Путин Назарбаевтың аталған ұйымның қалыптасуына қосқан үлесін ескере отырып ұсынды. Одақтың құрылғанына 5 жыл толуына орай Елордада өткен саммитте ортақ экономикалық кеңістіктің ақсап тұрған тұстары да сөз болды. Бұған қоса бес мемлекеттің көшбасшылары әлемді жайлаған дағдарыстан шығып, алға жылжудың жолдарын талқылады. #Еуразиялықэкономикалықодақ #саммит #президенттер #Қазақстан
Back to Top