#КТКжаңалықтары
Республикалық маңызы бар үш қала мен облыстарда карантиндік тәртіп сәуірдің аяғына дейін созылатын болды. Президент төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында осындай тапсырма берді. Себебі, еліміз әлі коронавирус таралуының шыңырау шегінен өткен жоқ. Сонымен бірге тағы бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Қаржы нарығындағы дүрбелең, жұмыссыздық, электронды үкіметтің шатқаяқтауы және жыр болған 42 500. Жиындағы осы мәселелерді бізге толыққанды айтып беруге астаналық тілшіміз тікелей эфирге қосылды.
#коронавирусҚазақстан #төтеншежағдай #карантин #президент #Тоқаев #қазақстандықтар #COVID19