Топар елді -мекенінде ысты ааан аязында бтіндей бір отбасы далада алды

Соколы жанұясының үйі 4 ақпан күні өртенген болатын. Тілсіз жау көп балалы отбасының жалғыз баспанасын түгелдей шарпып үлгерген. Оқыс оқиғадан кейін, бұл жанұя мүшелерінің тек үстеріндегі бір қабат киімдері ғана қалған. Сол күні Эльза әдеттегідей пештің үстінде тамақ пісіріп жатқан. Кенеттен көршісі үйіне жүгіріп келіп, жер үйдің төбесі өртеніп жатқандығын айтады. Сол мезетте отанасы баспанадан балаларын іле-шала киіндіре салып, алып шығады. Амалы таусылған Эльза 4 күн бойы жанұясымен бірге анасының үйін паналауда. Бұл жерде Соколы отбасынан бөлек, Эльзаның әпкесі бала-шағасымен, ағасы және анасы тұратын көрінеді. Оқыс оқиғадан кейін, Эльзаның балалары әлі сабаққа бармаған. Себебі жанұяның заттары түгелдей өртеніп, күлге айналған. Ауылдастары мен қайырымды жандар шамасы келгендерінше азық-түлік, киім-кешекпен отбасы мүшелеріне көмектесуде. Ал жергілікті атқамінерлер көмектесеміз деп жанұяны тек уәдемен беріп жалтаруда. Олардың сөздерінше, Соколы отбасына баспана берілуі екіталай. Себ
Back to Top