Кезекті өндірістік апаттың кесірінен бір адам ауыр жарақат алды.

«АрселорМиттал Темиртау» көмір департаменің кен орнында кезекті төтенше жағдай орын алды. Костенко атындағы кеніште болған апаттың кесірінен бір адам ауыр жарақат алды. 1966 жылғы туған кенші аса ауыр жағдайда облыстық Макажанов аурухананың ортопедия және жарақат бөліміне жеткізілген. Костенко шахтасында жұмыс істейтін Серік Ахметовты 8 нен 9 на қараған түні ауыр жағдайда Макажанов клиникасына келіп түскен. Омыртқасы сынған кеншінің ішкі ағзаларына да айтарлықтай зақым келген екен. Өндірістік апаттың кесірінен зардап шеккен 51 жастағы Серіктің жағдайын дәрігерлер қалыпты деп бағалап отыр. Бірақ аурухана керуетіне әлі қанша таңылатын белгісіз. Ал аталған іс бойынша «АрселорМиталл Темиртау» АҚ ның баспасөз қызметі , бұл төтенше жағдайдың орын алу себебі әліде анықталып жатқандығын айтты. Айта кетейік бұл апат “АрселорМиттал Темиртау“ ға қарасты шахталардағы жалғыз оқиға емес. Осыдан бір апта бұрын ғана өндірістік апаттан жарақат алған екі жұмыскер жайлы ақпарат берген болатынбыз. Сондай ақ “Саранс
Back to Top