«Қазақша Википедия» жобасы

Қазақ тіліндегі «Википедиядағы» мақалалар саны 7 мыңнан 200 мыңға жетті. Оның ішінде ай сайын қараған адамдар саны 8 миллионды құрап отыр. «Қазақша Википедия» жобасының жетекшілері бүгін жұмыстарын қорытындылайды. Алғашқыда жұмыс істеген төрт қана маман қатарын қазір жүздеген еріктілер толықтырып отыр. Енді ұйымдастырушылар қазақ тіліндегі жобаның электрондық нұсқасын жасауды жоспарлауда.
Back to Top