Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қарабалық аудандық орталық кітапханасында “Парасат жолы“ өңірлік орталығының базасында Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің психологы Анастасия Владимировна Колпаковамен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес“ кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында Анастасия Владимировна балалармен сыбайлас жемқорлық туралы қай жастан бастап сөйлесуді бастау керектігін, сондай-ақ мұғалімдер әңгімелесу үшін қандай формалар мен әдістерді қолдана алатынын айтты.
Back to Top