Еліміздің әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосановтың айтуынша, техниканың істен шығуы, адами фактор және ауа райының қолайсыздығы сынды негізгі үш нұсқа тексеріліп жатыр. Қара жәшікті зерттеп болған соң тоқетерін комиссия жеткізеді. Апат куәгерлерінің бірі тікұшақ дәл төбесінен ұшқанын айтып, көрген-білгенімен бөлісіпті. Сол жердегі шаруа қожалығына зардап келмес үшін Ми-8-дің экипажы тікұшақты басқа жаққа бұрып әкеткен көрінеді.