Зеленский әлде Порошенко: Украинада президент сайлауының екінші туры 21 сәуірде өтеді

Украинада жексенбі күні өткен президенттік сайлау нәтижесінде  комедиялық әртіс Владимир Зеленский 30,4 пайыз дауыспен көш бастап келеді. Ал, Петр Порошенко 17,8 пайыз дауыс жинаса, «Батькивщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко 14,2 пайызбен үшінші орыннан көрінді. Осылайша, кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан, сәуірдің 21-де сайлаудың екінші айналымы өтеді. Онда Зеленский мен Порошенко бақ сынасады. Қос үміткер екінші тур дебаттарына дайын екенін мәлімдеп отыр.
Back to Top