Алматыда әл-Фараби даңғылында жол жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымға шектелді
Алматыда әл-Фараби даңғылы, Сайын және Бұқтырма көшелері мен Шығыс айналма жолында жол жүру жылдамдығы сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға шектелді. Ал, 16 қаңтардан бастап, жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салына бастайды. Жергілікті полицейлердің айтуынша, мұндай бастамаға Нью-Йорк, Лондон сияқты ірі мегаполистердегі тәжірибе түрткі болған. Осы жылдың басынан бері қалада жол апатынан 121 адам опат болған. Алайда, кісі өлімін азайтуға арналған жобаға жергілікті жұрт үзілді-кесілді қарсы. Неліктен