Жоғалған балықшылардың қатары азаймай тұр. Қыс түскелі Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында екі балықшы суға кетті. Жалпы, көл жағасында балық аулап, жан бағып отырған бірнеше ауыл бар. Мұз қатқан тұста олар өмірлерін қатерге тігіп, табыс табуға тырысады. Қайғылы оқиғалардың алдын алып, көлдегі сақтық шараларын ескерту үшін құтқарушылар ауылдарды аралауға мәжбүр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің кезекті рейдтік шарасына біздің түсіру тобы да қатысты.