Ақтөбе қаласының сауда орындарынан пиротехникалық өнімдерді рұқсатсыз сатқандар анықталды

Оларға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары мен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сауда нүктелеріне бір аптадан бері арнайы рейд жүргізуде. Мамандар Жаңа жыл жақындаған сайын пиротехникалық заттарды тығып сататындардың көбейетінін айтады. Соның салдарынан мереке күндері отшашу атамын деп күйіп қалып, ауруханаға түсетіндер азаймай отыр. Алайда, олардың нақты саны тіркелмеген. Дәрігерлер, әсіресе, арнайы сертификаты жоқ өнімдерге жоламауға кеңес береді.
Back to Top