Елорданың діни бірлестік басшылары қазақстандықтарды «Алғыс айту күнімен» құттықтады
Қазақстандықтарды көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту күнімен» елорданың діни бірлестік басшылары құттықтады. Еліміз бұл мерекені алтыншы рет тойлауда. Атаулы мерекеде барлық ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астына топтасып, ел тарихына құрметін көрсетеді.
Мерекенің басты мақсаты –өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әл-Фараби мешітінің бас имамы Н. Рамазанов: «Жаратушы иеміз елімізді тыныш, халқымызды аман етсін. Бейбітшілігіміз мәңгілік болсын. Ұлтаралық татулығымыз – біздің басты жетістіктеріміздің бірі», - деп барлық қазақ халқын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, астана шіркеу округінің дін қызметшісі Архимадрит Сергий ризашылығын көрсетпейтін адам-қауіпті адам дей келе, мерекенің отанымыз үшін алар орнының зор екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке көпұлтты және көпконфессиялы ел бірлігінің символына айналды.
1 view
589
193
3 years ago 00:03:05 1
Елорданың діни бірлестік басшылары қазақстандықтарды «Алғыс айту күнімен» құттықтады