Үлкен Алматы таулы аймағында өрттің алдыну алу бойынша оқу-жаттығу өтті

Көк майсаның үстінде бүгін кезекті оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Төтенше жағдайларға төселгендер таулы аймақтарда өртті болдырмау шараларын пысықтады. Бүгін Үлкен Алматы шатқалында таулы жерлердегі өрттің алдын алуға байланысты оқу-жаттығу өтті. Жиынға Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, ұшқыштар мен дәрігерлер қатысты. Мамандар таудағы өрт сөндіру тәсілдері мен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындықтарын тексерді. Ұлан Нарынбек, тілші
Back to Top