Мүсінші Қадірхан Кәкімов

Қадірқан Кәкімов дала философиясын оқып өскен шебер. Алтайдан Дунайға дейін созылып жатқан көне түркі дала дәстүрін жалғастырушы іспетті. Атырауда Бейбарыс Сұлтанға, Шығыс Қазақстанда Оралхан Бөкейге, Кұршімде Барақ батырға арнап ескерткіш қойды. Пластика өнерін сезіп, әр туындысына терең оймен келген. Осы тұлғалар арқылы өз шеберлігін де шыңдай түсті.
Back to Top