9 сынып Қазақ тілі 2 тоқсан БЖБ 2 Адам құқығы мен бостандығы

Қайырлы күн! 9 сынып Қазақ тілі 2 тоқсан БЖБ 2 Адам құқығы мен бостандығы Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Жұмыскердің құқығы: нені білу керек? Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы анық айтылған. Біріншіден, еңбек келісімшарты қолыңызда болуы керек. Еңбек келісімшарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған шарт. Екеуара міндеттері мен құқықтарын айқындайды. Ол міндетті түрде жасалуы керек және бір данасы қызметкердің қолында болуы тиіс. Бұл – екі тарап арасындағы келісімнің дәлелі. Жұмыс беруші өз міндетін орындамаса, осы келісімшартты негізге ала отырып, әр тарап өз құқығын қорғайды. Еңбек шартына қол қоярда мынаны ескеріңіз. Ең бірінші, келісімшартты мұқият оқып шығуыңыз керек. Түсініксіз болса, заңгердің не өзге құқықтық сауаты бар адамның көмегіне жүгініп, еңбек шартын талқылаған жөн. ҚР заңнамасы негізінде әр салаға байланысты белгіленген уақыт мерзімдері бар, вахталық қызмет болса да, түнгі уақыт болса да, қосымша төленетін ақысынан бастап барлық шарты заңнама аясында жазылуы керек. Мысалы, түнде немесе негізгі жұмыс мезгілінен тыс қосымша істеген кезде және демалыс, мейрамдарда төленетін үстемақы күндік табыстан бір жарым есе артық болуы тиіс. 1. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысы бес сұрақ құрастырыңыз. 2. Ұсынылған жағдаят бойынша эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің ақпаратын, себеп-салдар және қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз. • Адал еңбек қашан да ақталатын белгілі. Алайда өмірде жұмыс берушінің қызмет бабын асыра сілтей пайдаланатын жағдайларын кездестіріп жүрміз. Қалай болғанда да нәпақа табу сіз үшін керек. Қалай ойлайсыз, мұндай жағдайларға қарамастан адал еңбектің береріне сену керек пе әлде өз құқығыңызды ашық қорғау қажет пе? Өз көзқарасыңызды білдіре отырып, аргументативті эссе жазыңыз. 📲ИНФОРМАТИКА және МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІНЕН ОНЛАЙН РЕПЕТИТОР: Менің ютуб туралы пайдалы ақпараттармен бөлісетін каналыма қош келдіңіз! Осы видеода мен сіздерге браузерде екінші ютуб каналыңызды қосу жолын көрсетемін. Пайдалы ақпараттарды жіберіп алмас үшін каналыма тіркеліп, қоңыраушаны басып қойыңыз. #ҚазақшаЮтуб #ЮтубАрқылыАқшаТабу #ГуглАккаунтАшу #интернетАрқылыАқшаТабу #ақшаТабу #youtubeКаналАшу #екіншіЮтубКаналынҚосу #екіншіГуглАккаунтАшуЖолдары #ютубтанАқшаТабу #СОЧ #СОР #ТЖБ #БЖБ #excel #эксель #фишки #лайфхак #функции #горячие клавиши #PYTHON #PYTHON решение задач #ПИТОН есептер шешімі #ПАЙТОН решение задач #математика #информатика #Алгебра #Геометрия #Языки Программирования
В начало