4bmv474e3c729cnm5e

Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері (1) Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері атты топтаманың бірінші бөлімін Наурыз мерекесі кезіндегі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға арнаймыз. Жақын арада Иран халқының бірлігі, пікірлестігі, өзара әрекеттестігі пен ынтымақтастығының көрінісі болып табылатын Наурыз мейрамы басталады. Әлемнің жер-жеріндегі ирандықтар көне рәсім бойынша осы ежелден келе жатқан ұлттық мерекені қарсы алуды асыға күтуде. Иранда Наурыз мерекесі көне заманнан келе жатқан ұлттық дәстүр болып табылады. Бірақ, бұл мереке кезіндегі салт-дәстүрлердің көпшілігі діни мәдениет пен наным-сенімдермен ұқсас болып келгендіктен, олардың әрқайсы сұлулық, адамгершілік, мейірімділік пен достықтың белгісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл салт-дәстүрлер өз бойына рухани қасиеттерді жинап, оның құндылықтарын одан әрі арттыра түсті. Бұл ирандық мәдениеттің жалғастығының негізгі факторы оның көркем әдет-ғұрыптармен астасып жатуында. Ол тек қана өз функцияларын ұзақ уақыттан бері атқарып келмей, сол уақыт арал
Back to Top