25 жастағы қала тұрғынынан Эбола індетінің белгілері байқалды. Науқас 20 күн бұрын Африкадан келген. Ауруы енді білініп, Әуе қалашығындағы облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы дәрігерлеріне жүгінген. Осындай оқиға желісі бойынша бүгін қаланың шұғыл қызметтері тактикалық жаттығу өткізді. Эболаға күдікті адам анықталған кезде дәрігер бірінші кезекте емдеу мекемесінің басшысына хабарлауы керек. Карантин жарияланып, барлық есіктер мен терезелер бекітіледі. Бас дәрігер обаға қарсы күрес стансасының маманд