Депутат: Байлар салық төлеуі тиіс!

Еліміздегі бай-бағландар салық төлеуі тиіс! Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы осындай бастама көтерді. Сенатор ауқатты қазақстандықтар халық алдында әлеуметтік жауапкершілікті алып, өз жиған-тергенін елдің дамуына бағыттауы тиіс деп санайды. Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық айтарлықтай өскенін айтқан ол, байлық салығын енгізу елімізде салық салудың әділетті жүйесін қалыптастыратынына сенім білдірді. Ұлттық экономика министрі халық қалаулысының бұл бастамасына бірден жауап қайтарды. Руслан Дәленов мұндай жоспардың бар екендігін ашық айтты. Қазіргі таңда жаңа Салық кодексінде әділетті және айқын принциптер көзделген екен. Оның сөзінше, елімізде мүліктің бағасы мен тапқан табысына қарай салық салу дұрыс жолға қойылған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Back to Top