Айға жуықтады, еліміздің ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілерде аты-шулы Борат фильмінің жалғасы жайлы анау-мынау әңгіме көп. Көпшілік комедиялық туындының сиквелі шықпай жатып-ақ сескенген. Себебі 2006 жылы бірінші Борат шыққанда тіпті еліміздің сыртқы істер министрлігіне дейін мәлімдеме жасағаны әлі есімізде. Кейбіреулер болса қарсылық шараларын бастап кеткелі де біраз болды.
Басқаны қайдам, АҚШтың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер мырзаның өзі пікір білдіріп, сәтті кино күтетінін айтты осы аптада. 23-қазанда Амазон интернет платормасында жарық көретін Бораттың жалғасы әлден резонанс, реніш, керек десең кей жұрттың ашу-ызасын туғызып жатыр. Неге Борат фильмі үшін ренжуіміз керек деп уәж айтқандар да жоқ емес. Сюжет қарайық.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан