Шымкентте бозбаланың өліміне қатысты сот басталды

Шымкентте кәмелеттік жасқа толмаған бозбаланың өліміне қатысты сот процесі басталды. Күдікті ретінде қолға түскен 5 жігіт 6 айдан бері тергеу изоляторында отыр. Оларға «бұзақылық және абайсызда адам өліміне әкеп соққан» әрекеттері үшін қылмыстық кодекстің қос бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Айыпталушылар алғашқы отырысқа скайп желісі арқылы ал, олардың туыстары мен адвокаттары және жәбірленуші жақ залда отырды. Бірақ, аудармашының ашық сот талқылауына белгілі себеппен қатыса алмауына байланысты, отырыс кейінге шегірілді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top