ҚАЗҰУ ХІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ХІІ жазғы универсиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ақтау қаласында өткен универсиадада еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан 3000-нан астам студент спорттың 20 түрінен сынға түскен болатын. ҚазҰУ спортшылары ХІІ жазғы универсиада ойындарының нәтижесі бойынша командалық есепте 88 медаль жеңіп алып, бас жүлдеге ие болды.
Back to Top