ҚАЗҰУ-ДА ТӘУЕЛСІЗДІК ОНКҮНДІГІ ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі басталды. Әр күнге жоспарланған бағдарлама аясында Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары», Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Он делает историю» кітаптарын талқылау, «Тәуелсіздік – 30» флешмобы, «Тәуелсіздік толғауы» поэзия сағаты, «Балалық шағымның аспаны» кино кеші, «Қазақстан Тәуелсіздігі және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, ел егемендігіне арналған жинақтардың тұсаукесер рәсімі, «Елім менің» жастар пікірталасы, «Кітап FEST» жәрмеңкесін өткізу көзделген. #казну #farabimedia #қазұу
Back to Top