ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ “ЕЛБАСЫ ЖОЛЫМЕН“ ЭКСПЕДИЦИЯСЫМЕН ШАМАЛҒАН АУЫЛЫНА БАРДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30-жылдығына және ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» он күндігі басталды. Танымдық шараның алғашқы күні студенттер ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына барып, тарихи тұлғаның балалық шағы мен қызметтік жолымен танысты. «Елбасы жолымен» аталған экспедицияға жамбылтанушы ғалымдар, білім алушылар, оқытушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. #КазНУ #KazNU #Farabimedia
Back to Top