Студенттер қатарына қабылданды

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған 1-курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында үлкен өмірге қадам басқан жас өрендерді ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев салтанатты жағдайда құттықтады. Егемен елімізде жастардың тәрбиесі мен біліміне айрықша маңыз берілетінін айта келе, ректор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары – жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады» деген қанатты сөздерін мысалға келтірді. Жастарға қарата елдің болашағы мен игілігі білімді ұрпақтың қолында екенін баса айтты. #КазНУ #KazNU #Farabimedia
Back to Top