Көзімнің қарасы,жанымның жартысы,
Қайдасың сен жанымның жалғыз бақ құсы?
Сүйсемде сені есімнен адасып кетердей,
Бұйырмады сезімнің шырын тәттісі.
Көзімнің нұры,көңілімнің арай шуағы,
Басылар емес жүректің асау құмары.
Кетсеңде сен өзгемен қол ұстасып,
Сөнбейді еш жүректің сезім шырағы.
Арайлым менің,арманым менің ардағым,
Өзіңді сүйіп өзгеге көз салмадым.
Сағымсың сен көрінбейсің көзіме,
Сені іздеп шарқ ұрып талай самғадым.
Сағынышымсың,жүрекпен қатты сағынған,
Сағынып сені түндерде мұңды жамылғам.
Алыстасың,жырақтасың сен менен,
Сағынам қатты сағынам сені сағынам.