Атырауда сушиден жаппай уланғандардан сальмонеллез табылды
Атырау облысында сушиден жаппай уланып, аурухана түскендердің 23-нен “сальмонеллёз“ қоздырғышы табылды. Бұл туралы өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. Еске салайық, 28-ші желтоқсанда тамақтан улану белгілерімен аудандық ауруханаға 16 адам түскен еді. Көп ұзамай уланған адамдардың жалпы саны 43-ке жетті. Барлығы «Три самурая» кафесіне үйлеріне суши жеткізуге тапсырыс берген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда пациенттердің көбісі үйде емделуге жіберіліпті. Тағы бесеуі дәрігерлердің бақылауында. Санитар дәрігерлер экспресс-дәмхананы тексеріп өрескел заң бұзушылықтарды және суши құрамындағы қоспалардың сапасы төмен екенін анықтады. Сондай-ақ, аспаздардан стафилококк қоздырғышы табылды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
13 views
0
0
4 years ago 00:01:17 42
Атырауда сушиден жаппай уланғандардан сальмонеллез табылды