«Үйірімен» үдере көшетін шенеуніктер шаруа бітіріп жүр ме?
Шырылдауық шегіртке ыршып жүріп ән салған. Креслоны қуын гөләйттап, қызықпен жүріп шен алған. Әйгілі сатиралық шегіртке өлеңі ортаңқол шенеуніктерге де дөп келеді. Әңгіме бір-екі жыл сайын қызмет ауыстырып не өзін, не саланы көгертпейтіндер хақында.
Әдетте саяси мемлекеттік қызметтегілер бір орында 8 жылдан артық отыруға болмайды деген заң бар. Себебі жемқорлыққа ұрынуы мүмкін. Бірақ біз айтып отырған мемлекеттік қызметшілер саяси тұлға болмаса да олардың әрекетінен келіп отырған салдар бар. Бастаған іс аяқсыз қалады, келесі келген маман да оны жырғатқаны шамалы. Президенттің өзі де ондайларға шегіртке айдар таққаны кеше ғана.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
64 views
7
2
4 years ago 00:06:01 93
«Үйірімен» үдере көшетін шенеуніктер шаруа бітіріп жүр ме?