Шымкентте оқушылар 800-дей өсімдік түрін өсіріп жатыр

Шымкентте мектеп оқушылары 800-дей өсімдіктің түрін өсіріп жатыр. Жер шарының үш белдеуінде өсетін жеміс-жидектері мен гүл ағаштарын олар алғаш рет білім ұясының ауласында жерсіндіріп, жетілдіруді қолға алған. Осы күні жаратылыстану зертханасы ретінде салынған жылыжайда жас шәкірттер 100-ге жуық ғылыми жобаны қорғауда. Елімізде теңдесі жоқ бастаманы өзге аймақтың ұстаздары да қолдап отыр. Олар бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып, балалардың жетістіктерін саралауда. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top