Коронадағдарыс уақытында бәрі қысқарды. Кәсіпорындарда жұмысшылардың қысқарғанын көрдік. Көптеген мекемелер мен жеке меншік секторда айлықтың қысқарғанын көрдік. Ішінара тығылып жасады демесең, жалпы алғанда той томалақтың да қысқарғанын көрдік, кез-келген себепке ат шаптырып көкпар беретін жиындар, ырду-дырду думанды кештер, ол аз десеңіз өрісі тарылып, табыстан қағылып кәсіп істеген ағайынның да қолы қысқарғанын көрдік. Бірақ осы уақытқа дейін қысқармаған бір нәрсе бар екен.
Ол әкімдер мен жоғары лауазымды шенеуніктер мінетін қымбат көліктер. Енді ол да қысқаратын болды. Ақ жағалылар Шорманның Мұстафасы атын алып қойған Жаяу Мұсаның күйін кешулері мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада тапсырма берді. Қысқартыңдар, үнемдеңдер деді. Сонымен кім қандай көлік мініп жүр?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан