Арақ жайлы өте керемет айтты... Жарқын Мырзатай ᴴᴰ
Арақ – сатқан да, алған да, ішуші де, тасушы да, алып қой деп құйып берушіде Алла Тағаланың қаһарына ұшырайды. Сондықтан ертерек тәубеге келіп, шайтанның сусынын ішуден тыйылып, Алла Тағаланың ақ жолына түсуге асығу қажет.
«Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?»-деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады. Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы, арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы» (Тирмизи, Ибн Мәжа).
Кез келген адамның ақылдан айырып, мас ететін ішімдік арақ болып табылады. Мұндай ішімдіктің бір жұтымы да – харам. Хадистерде: «Әрбір мас етуші (ішімдік) – арақ, барлық арақ түрі – харам» (Муслим)және «Көп мөлшері мас еткен ішімдіктің аз мөлшері де – харам» (Ахмед, Әбу Дәуід және Тирмизи), – деп баяндалған.
1 view
2117
674
7 months ago 00:55:54 1
Али-Султан: биография, өнер, өмір, исламды қабылдау | Жақсы жолмен жүріңіздер!
1 year ago 00:34:53 1
Арақ жайлы өте керемет айтты... Жарқын Мырзатай ᴴᴰ