“Саятшылықты серік еткен бабаларымыз – бұл өнерде қыран құстың қасиетін ерекше бағалаған. Бүркітін бағып-баптап, томағасын сыпырып, тазы жүгіртуді үлкен құндылық санаған саятшылардың бүгінгі тынысы қандай? Дәл қазір біз елорданың іргесінде атакәсіпті жалғастырып жүрген «Бүркітшілер отбасына» келдік. Бабадан қалған бекзат өнердің қыр-сырына тоқталамыз“.