Ким Дже Ха қауіпсіздік қызметінде еңбек етеді. Алайда бір күні оны жұмысынан себепсіз босатады. Адамдардың өмірін қорғап жүрген маман мұны түсіне алар емес. Бірақ айы оңынан туып Ким Дже Ха президенттік таққа үміткер беделді шенеуніктің оққағары болуға келісімін береді. Оның міндеті шенеуніктті отбасымен бірге қорғау болатын. Мемлекетке кек сақтаған жігіттің басынан сан қилы оқиғалар өтеді. Сондай-ақ шенеуніктің қызы жасырған құпия істі әшкерелейді. Оқиғаның қалай өрбігенін Корей дорамасынан біле аласыз.