Ажырасу оңай ма? Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, елімізде күніне 150 жұп ажырасады екен. Яғни бұл сағатына 7 отбасының шаңырағы шайқалады деген сөз. Сорақысы, жыл сайын дәм-тұзы жараспай, ажырасып кететіндердің қатары артып жатыр. Ал, некелескендердің саны керісінше азаюда. Бұған не себеп? Тәрбиеден көреміз бе, әлде жастардың әлеуметтік жағдайы шынымен қиын ба? Депутаттар бұл мәселені шешу үшін қандай бағдарлама ұсынбақ? Ал, сарапшылар оларды неге қолдамай отыр? Өздерінің ұсынысы қандай?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан