Атақты сазгер, Нұрғиса Тілендиевтің қызына қарсы дау күннен-күнге ушығып барады. Талдықорғанда жетістігі мен атағы дардай саз мектебі бар. Осы мекеме сенімгерлік басқаруға өтіп кеткелі, ұстаздармен қоса, ата-аналардың да наразылығы тоқтар емес. Енді оқу ақысы қымбаттап, балалары мектептен шығып қала ма, - деп алаңдаулы. Ал, Динара Тілендиева әкесінің атындағы мекемені өз қарауыма алып, дамытпасам, керісінше құлдырайды дейді. Әрі 60 жылдық тарихы бар ғимаратты күрделі жөндеуден өткізгелі отыр екен.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан