Елорданың 20 жылдығына 100 “ақылды“ орындық тарту етіліп еді. Ақылды деп отырғанымыз, көшеге орнатылған орындықтарда отырып, телефонды қуаттауға болады, WI-FI-ы бар, аязға шыдамды деп еді. Оның әрқайсысын Қытайдан 1,2 млн теңгеге сатып алып, орнаттық. Ал, қазір сол орындықтарды көрсеңіздер, танымайсыздар. Басым көпшілігі істен шыққан. Тегін интернеті бар деп жарнамаланған құрылғылар шаң басып, сымдарын пысықайлар ұрлап жатыр екен. Ал, қоғам белсенділері Қытайда дәл осы орындықтар әлдеқайда арзан тұратынын айтып отыр. Сонда аймақтың әкімдіктері бағаны әдейі артығымен көрсеткен бе? Кім білсін?!
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан