Қордағы қаржыдан кім үмітті?

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында “қарттықты күтпей-ақ, оқу оқимын немесе баспана аламын дейтіндер, зейнетақы жинағын пайдаланса болмай ма“ деген сауалынан кейін, талайлар үмітпен үмітпен жүргені белгілі. Ал, енді айтайық. Біздегі зейнетақы қорының 10 миллион салымшысы бар. Бірақ, соның тек он бір мыңы ғана жиналған қаржысының бір бөлігін мерзімінен бұрын пәтер, не білім алуға жұмсай алады. Кешелі бері бұқаралық ақпарат көздерінде осындай мәлімет тарауда. Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президенттің қыркүйектегі тапсырмасын пысықтаған сыңайлы. Нәтижесінде елімізде тек тоғыз мың ер азамат пен екі мың әйелдің осындай қадамға құқысы бар көрінеді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top