Елордада сарыла күткен баспаналарына кіре алмаған тұрғындар бас көтерді. Талап біреу – үйлерінің шала-шарпы жасалған жұмыстарын тезірек бітіру. Ал, құрылысқа жауапты мердігер компания болса, тапсырыс берушіден ақша толық аударылмағанын айтады. Жұрттың көбісі пәтерлерін қарызданып-қауғаланып ипотекаға алған. Пайдалануға берілсе де, өркениеттен жұрдаймыз дейді ашынған бұқара. Тіпті, лифт істемегендіктен 24-ші қабатқа жаяу көтеріліп жүр екен.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан