Митингіде жарақат алғандар

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елде жақында болған наразылық шаралары барысында төрт мыңға жуық адам ұсталғанын хабарлады. Оның сөзінше, полиция үш мың азаматты үш сағат ұстаған соң ескерту жасап, босатқан, 677 адам сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған, 305 адамға айыппұл салынған. Сонымен қатар 300-ден астам полиция қызметкері зардап шеккен, олардың алтауы қазір ауруханада жатыр.
Back to Top