Ақпарат бойынша, бұл ескерткіштер 2003 жылдан бері мемлекет қарауындағы ескерткіштер тізімінен алынған. Бірақ жылдар бойы орнынан алынбай келген.
2018 жылы мамыр айында Ақтөбеде жергілікті белсенділер совет кезінде Қазақстанды басқарған Левон Мирзоян ескерткішін құлатқан еді. Оның алдында Мирзоян көшесіне Әлихан Бөкейхан есімі берілген.
Қазақстанда Совет өкіметінен қалған ескерткіштер мен символдарға қатысты пікірлер әртүрлі. Елде 2017 жылғы есеп бойынша Ленин атында 350-ден астам көше болған. Ленин ескерткіштерінің саны - 159.