Алланың 99 көркем Есімдері🌙Бидәулетова Маржан🌙2024

Алланың 99 көркем есімдері.Мен өзім осылай әуенмен айтылатын дұға,сүрелерді тез жаттаймын.Сіздердің де тез жаттауларыңызға көмегі тисін! Күнделікті осы видеоны қойып қойыңыз,қайталана берген соң құлаққа жатталып қалады.Сонда өзіңіз ғана емес балаларыңыз,отбасы мүшелеріңіз жаттап алады. Алла Тағала иман келтіргендерге дұға жасауда Оның көркем Есімдерін айтуды бұйырған,өйткені Алланы мақтауды Алла Тағаланың Өзінен артық ешкім жасай алмайды. Қасиетті Құранда былай айтылған:“Ең жақсы атаулар Аллаға тән.Оған сол аттармен жалбарыныңдар.“(7:180). Имам әл-Бұхари:“Кімде кім Алланың 99Есімін жаттап алса,Жұмаққа кіреді “,-деп айтылған бір хадисті келтірген. Алла Елшісі(ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)былай айтқан:Асылында,Алланың жүзге біреу жетпейтін 99 есімі бар,сол есімдерді атап беретіндер Жұмаққа кіреді(әл-Бұхари 2736 Мүслім 2677) Алла жақсы біледі.
В начало