Бұл роликте Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының көз тартарлық сұлу табиғаты бейнеленген. Бұл өлкеде Қазақстандағы 5 резерваттың бірі “Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерваты“ мен Рамсар конвенциясы тізіміне енген “Торғай зоологиялық қаумалы“ орналасқан. Ырғыз өлкесінің сұлу табиғаты келуші туристерге ерекше әсер қалдырады.Аң-құстарға, балыққа бай өлке.Күзгі және көктемгі мезгілдерде құстардың сыңғырлаған үнін, киіктің құралайын көруге болады. Бұл өлкеде“Малайдар көлдер жүйесі“ экотуристік маршруты құрылған. Экотуристік маршрутқа қазіргі таңда келушілер саны жылдан жылға артып келеді. Бәріңізді Ырғыз өлкесінің сұлу табиғатына куә болуға, экскурсия ға шақырамыз!