Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабап тастаған 2 жастағы бүлдіршін көз жұмды. Өкіншітісі, осындай жантүршігерлік сипаттағы оқиғалар жиілеп барады. Тіпті, жуырда ғана Ішкі істер министрлігі зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың жетпіс пайызы өздерінің жақындарынан зәбір көруде“ деп, қорқынышты мәлімдеме жасаған. Баласына жаны ашымайтын қатыгез әке, мейірімсіз шеше неге көбейді. Қоғам үшін өгей бала жоқ. Әр бала бақытты болуға лайықты ғой?! Заң әлсіз бе, әлде мәселе басқа да ма? Осы сұрақты мамандарға қойған едік.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан