Өзбектікінен 4 есе қымбат елордалық ЛРТ құрылысы қашан бітеді?

Астана ЛРТ жобасының құрылысы аяқталатын болды. Бірақ дәл қазір оған ақша жоқ. Анығы оны табыңдар деп, пәрмен берді президент. Амалсыздан. Себебі Тоқаев мырза ЛРТ-ны ұрандатып, жалаулатып қолдаушылар қатарынан емес. Жаздағы бір мәлімдемесінде аталмыш жоба тым күмәнді екенін ескерткен еді. Осы аптада да қаланың көркін бұзып, әзірге балбал тас сияқты сорайып тұрған нысандарға тағы да шүйлікті. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top