“Нағыз понттың төресін, біздің елден көресің“. Бүгінде «понт, құр мақтан һәм пафос» десе, көз алдымызға бірден қазақтың тойы елестейітін һәлге жеткеніміз бе, қалай өзі? Тойшыл қауымға айфон таратып, құдасына ақшадан тігілген шапан жауып, мейрамханаға тікұшақпен қонып жүрген қазақтың мақтаны тізе берсең кете береді осылай. Понттың түбін түсіріп, “бетті бастырып, қатты састыратын“ біздің халықтың енді кей әрекеті тіпті жағаны ұстатады. Заңға түкіріп, кім екенін көрсетемін деп, өзгенің өміріне қауіп төндіргендері де жетеді. Сонымен қазақ неге мақтанға құмар болып барады? Оны тоқтатудың жолы қандай?
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан