Ақтөбеде адам азаптағаны үшін сотталып кеткен төрт полицейдің ағайындары шу шығарды. Жиналғандар екі күннен бері прокуратура ғимаратының алдын торуылдап, оларды бостандыққа жіберуді талап етіп жүр. Істі болғандардың арасында 3 жыл бұрын теракт кезінде кеудесіне медаль таққандар да бар екен. «Ерлігі үшін» марапатталған мақтаулы полицейлерді қылмыс жасауға не итермеледі? Жақындары неге үкіммен келіспейді?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан