Шымкенттегі жағдай да осыған ұқсас. Өңірде бірнеше елдімекен ауыз суға жарымай отыр. Соңғы он жылдан бері қалаға іргелес жатқан Исфиджаб ауылы тіршілік нәрін сағаттап күтумен келеді. Тәулігіне небәрі 3-4 сағат қана беріледі екен. Ал, ауылға су құбырын тартпақ болған мердігер компания, жұмысты жарты жолда тастап кеткен. Айтпақшы, дәл осы ауылда жол құрылысын жүргізіп жатқан тағы бір компания, тратуардың дәл ортасына байланыс бағаналарын қалдырып, екі жағына асфальт төсеп жатыр. Сонда тратуар адамға ма, әлде бағанаға арналған ба?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
79 views
5
1
5 years ago 00:03:36 90
Ауызсу тәулігіне 3-4-ақ сағат беріледі
5 years ago 00:02:56 16
Тәулігіне 50 литр суды тазартатын қалта қондырғысы пайда болады